Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«20 млн теңге көлемінде пара алған»: Астана қаласы кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған, деп хабарлайды Paryz.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап.

«20 млн теңге көлемінде пара алған»: Астана қаласы кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеу аяқталды
Фото: Azattyq Ruhy

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынған.

Қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.

«ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес ергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.