Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы облысында әкесі зорлады делінген апалы-сіңлілі қыздар полиция қорғауына алынды

Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған апалы-сіңлілер полицияның қорғауына алынды, деп хабарлайды Paryz.kz полицияға сілтеме жасап.

Алматы облысында әкесі зорлады делінген апалы-сіңлілі қыздар полиция қорғауына алынды
Фото: inform. kz

Алматы облысында әкесінің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған апалы-сіңлілер полицияның қорғауына алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

28 мамыр күні 2001 жылғы Ц. және 2003 жылғы Ц. өтініші бойынша Еңбекшіқазақ ауданы полициясында ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі (сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша екі қылмыстық іс тіркелді.

Жүргізілген тергеу мен жедел-іздестіру кезінде жәбірленушілердің әкесі - 57 жастағы күдікті Ц. есімді азамат анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыс жасалған мән-жайды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Тиісті сараптама тағайындалды.

Жәбірленуші қыздар сотқа дейінгі тергеу кезінде полицейлердің қорғауына алынды.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тергеу барысы облыс полиция департаменті бастығының бақылауында.