Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

8 млн қазақстандықтың банкке қарызы бар

8 млн қазақстандықтың банкке қарызы бар. Яғни, экономикалық белсенді адамның барлығының мойнында несие бар. Бұл мәселені шешудің жолы қандай? Осы және қоғамдағы өзге де өзекті тақырыптар Назарбаев Университетте талқыға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz «Хабар24»-ке сілтеме жасап.  

8 млн қазақстандықтың банкке қарызы бар
Фото: Azattyq Ruhy

Отандық һәм шетелдік ғалымдар «Жаһандық және жергілікті басқарудағы шекараларды кеңейту» конференциясында ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, конференцияда халықаралық ынтымақтастық, мемлекеттік басқару тиімділігі, миграция, интеграция, туризм және халық пен билік арасындағы диалог тақырыптары кеңінен қаралды.

«Кейбір саясаткерлер халық қаржылық сауатсыздықтан қарызға батады дейді. Халық табысы төмен болғаннан несие алуға мәжбүр. Жалақысының басым бөлігін тамаққа жұмсайды. Жаңылмасам, қазір тұрғындардың қарызы 14 триллион теңгеге жетті. Билік ғылыммен тығыз байланыс орнатуы тиіс. Мемлекет басшысы екі жыл бұрын әл-ауқатына қарай салық салу туралы айтты. Алайда, өзгеріс жоқ. Жаңа экономикалық саясат құрсақ қана алға басамыз. Әлеуметтік теңсіздік, кедейлік, төмен жалақы, монополия, саяси күштердің, олигархтардың ықпалы сияқты «ауруларымызды» мойындауымыз керек», - дейді экономист Қуат Акижанов.