Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әбілязовты соттауға Ресей араласып жатыр

Сыбайластар цессия шарттары негізінде өздерінің бақылауындағы компанияларға "БТА" банкі АҚ берген бірқатар кредиттер бойынша ақшалай қаражатты талап ету құқығын берді.

Әбілязовты соттауға Ресей араласып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Сот Мұхтар Әбілязовты және "БТА" банкінің басқа да экс-қызметкерлерін 58 миллиард рубльден астам қаржыны жымқырғаны үшін сырттай үкім шығарды, деп хабарлады paryz.kz, РФ Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мәскеу қаласының Таганский аудандық соты "БТА" банкі" АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовқа, сол банктің басқарма төрағасы Роман Солодченкоға, олардың қарамағындағы Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерещенко және Александр Удовенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша сырттай үкім шығарды. Олар РФ ҚК 159-бабының 4-бөлігінде ("Алаяқтық"), РФ ҚК 174.1-бабының 3-бөлігінде ("Қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті заңдастыру") және РФ ҚК 165-бабының 3-бөлігінің "а", "б" тармақтарында ("Ұйымдасқан топ құру, алдау арқылы аса ірі залал келтіру") көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сыбайластар цессия шарттары негізінде өздерінің бақылауындағы компанияларға "БТА" банкі" АҚ берген бірқатар кредиттер бойынша ақшалай қаражатты талап ету құқығын берді. Нәтижесінде аталған компаниялар банкке тиесілі ақша қаражатын алды.

"Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот Мұхтар Әбілязов 15 жылға, Кононко 10 жылға, Параскевич 12 жылға, Ерещенко мен Удовенконың әрқайсысы 13 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олардың барлығы жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады", - деді РФ Бас прокуратурасы.

Олардың бәрі қолға түспейінше, бұл да сырттай соттауға жатады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.