Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Көлгіновтың БҚО-дағы кадр мәселесіне араласып отырғаны рас па

Бұл сұрақ бүгін Орталық коммуникациялар алаңында Батыс Қазақтан облысының әкімі Нариман Төреғалиевке қойылды. Әкімнен журналист сонымен қатар «Төреғалиев неліктен біліксіз кадрларды қызметке қойып жатыр?» деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Көлгіновтың БҚО-дағы кадр мәселесіне араласып отырғаны рас па
Коллаж: Ulysmedia.kz

«Маған да мұндай сұрақтарды қойған. Біріншіден, Алтай Сейдірұлы, бұған дейін облысты басқарды, қала әкімі де болды. Енді өздеріңіз қараңыздар, облысты, қаланы басқарғаннан кейін барлық облыстағы халықпен тікелей байланыста болды. Бәрімен бірге қызмет етті. Мен онда облыстағы халықты немесе ондағы кадрларды барлығын айырбастауым керек. Бәрі сол жерде Алтай Сейдірұлымен жұмыс істеді», - дейді әкім.

Төреғалиевтің айтуынша, бұған дейін өңірді басқарған Бақтықожа Салахаддинұлы да, Нұрлан Асқарұлы да жергілікті кадрламен жұмыс істеген.

«Тәжірибесі жоқ кадрларды (қызметке) қойып жатыр деген сұраңызға жауап берейін. Олай емес. Біріншіден, қойылған кадрлардың бәрі де бізде «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес арнайы квалификациялық талаптар бар. Мен бұл талаптарды ескермей, кадрды тағайындайын десем де маған тайындатпайды. Заңның аты заң. Сондықтан заң аясында осы талаптарға сәйкес келетін және тәжірибесі бар мамандар тағайындалды», - деді ол.

Әкімнің сөзінше, Алтай Сейдірұлының немесе басқа адамның араласуы деген қате пікір.

«Ешбір кадр тағайындауда, ешбір адам оған араласа алмайды. Оған мемлекеттік арнайы заңы бар. Болды. Кадрды мемлекеттік заң аясында тағайындаймыз. Облыс әкімі ретінде ол заңнан мен де аса алмаймын», - деді ол.