Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Тоқаевпен бір күнде туған егіздерге Қасым және Жомарт есімдері берілді

17 мамыр күні Ақтөбе қаласының Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығында дүниеге келген егіздерге ата-анасы Қасым және Жомарт деген ат қойған. Бұл туралы Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқаевпен бір күнде туған егіздерге Қасым және Жомарт есімдері берілді
Фото: diapazon.kz

Айта кетейік, биыл 17 мамыр күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетпіс жасқа толды. 

Дереккөзіне сүйенсек, 27 жастағы Ақниет есімді келіншек мерзімінен бұрын толғатып, перзентханаға түскен. Отбасының егіздерден үлкен үш баласы бар екені хабарланып отыр.

«Келінім негізі маусым айында босануы керек еді. Алайда, толғағы ерте басталды. Әуел баста дәрігерлер келініме кесір тілігін жасаймыз деп жоспарлаған, бірақ, өзі босанды. Ақтөбе қаласындағы Ана мен бала денсаулығын қорғау орталығының дәрігерлеріне алғысымыз шексіз», - дейді егіз ұлдың әжесі Шолпан Меңдиярова.

Әрқайсысы 2400 салмақпен туған егіздерді отбасы бес күннен кейін, 22 мамыр күні перзентханадан шығарып алған.

«Егіздерге алдын ала «мынадай есім берейік» деп жоспарлаған жоқпыз. Жалпы, немерелерімнің бәрі туып, әбден көзге көрінген соң ғана есім іздейміз. Ал 17 мамыр президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні болған соң, әрі балаларымыз сол күні таңсәріде дүниеге есігін ашқан соң, ырымдап, президенттің құрметіне Қасым және Жомарт деп атадық», - дейді Шолпан Меңдиярова.