Прямая трансляция

Астана

Астана

8°C

Алматыда Әліби Жәңгілдиннің ұлы қайтыс болды

Алматыда белгілі революционер Әліби Жәңгілдиннің ұлы Шыңғыс Жәңгілдин қайтыс болды, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда Әліби Жәңгілдиннің ұлы қайтыс болды
фото: tengrinews.kz

Шыңғыс Жәңгілдин 24 мамырда қайтыс болды. Ұлы Әлібидің айтуынша, өліміне өкпенің қабынуы себеп болған. Шыңғыс Жангелдин ғалым, кәсіподақ қызметкері болған.

Шыңғыс Жәңгілдин 1943 жылы Әліби Жәңгілдин мен Софья Кенжинаның (Қазақ АССР Оқу және Сауда Халық Комиссары, Алаш Орданың бұрынғы көсемі, 1938 жылы репрессияға ұшыраған Аспандияр Кенжиннің қызы) отбасында дүниеге келген.