Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Оқу жылының ұзақтығы қайтадан 25 мамырға дейін қысқартыла ма

Үкімет кулуарында журналистер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа оқу жылының ұзақтығын қайтадан 25 мамырға дейін қысқарту мәселесі жөнінде сұрады, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу жылының ұзақтығы қайтадан 25 мамырға дейін қысқартыла ма
Фото: baigenews.kz

Министрдің сөзінше, соңғы қоңырау мерзімін қайта өзгерту – ведомство бір күнде қабылдай салатын шешім емес.

“Біріншіден, бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені, бұл (соңғы қоңырауды – авт.) тек 25 мамырға айырбастай салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандартты, бағдарламаны 36 аптаға созылуына қатысты. Соңғы қоңырау мерзімін қалпына келтіру басқа өзгерістер алып келеді яғни 6 күндік оқу жоспарына (ауысу – авт.) немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында мұндай шешімді қабылдауға жіті, дұрыс сараптама өткізіп, шешім қабылдау керек”, – деп жауап берді Бейсембаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын экс-министр Асхат Аймағамбетов “Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды?” деген сауалға жауап берген.

«Оқу жылын созу жақсы қабылданбайтынын білдім, бірақ дәл сол уақытта бұл шешім керек деп ойладық. Тиісті министрліктің өз құзыреті бар. Өзі айналысады. Әр меморганның, депуатттың өз құзыреттілігі бар. Министрліктің де. Біздің міндет – заң қабылдау. Қабылданған заңдардың орындалуы мәселесі. Тиісті жұмыс істейміз», - деді ол.