Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Сырнайың ескі ғой...": Тасмағамбетовтің өнер жанашыры екеніне тағы бір дәлел

"Иманғали аға қабылдауына шақырып, Ресейдің Вороньеж қаласында Клараға арнап арнайы тапсырыспен жасалған мына бір сырнайды сыйға тартқан еді..." - дейді Медет Салықов.

"Сырнайың ескі ғой...": Тасмағамбетовтің өнер жанашыры екеніне тағы бір дәлел
фото: facebook.com

Белгілі әнші, композитор Медет Салықов Facebook-тегі парақшасына Иманғали Тасмағамбетовтің "өнер десе ішер асын жерге қоятын" мәрттігін еске алды. Айтуынша, шығармашылық адамдарына жақын жүретін, өзі де жас кезінен ән шырқауды ұнататын Имекең композитордың жары, әнші Клара Төленбаеваның ескі сырнайының орнына жаңасын арнайы тапсырыспен жасатып берген, деп жазды paryz.kz.

"Осыдан 17 жыл бұрын 15 желтоқсанда, яғни Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты концертте Клара сырнаймен ән салды. Ән айтар алдында сырнайының иыққа асар белдігі үзіліп, басқалай жөндеуге уақыт тығыз, кезегі жақындап, сахнаға шығу керек болып, содан өзімнің белдігімді тағып бердім. Соны байқап қалған Иманғали аға: "Сырнайың ескі ғой", - деп қалды. Клара: "Сырнай ескі болғанымен, үні (тембрі) жақсы, аға", - деді.

Шамамен 5 ай уақыт өткеннен кейін Иманғали аға қабылдауына шақырып, Ресейдің Вороньеж қаласында Клараға арнап арнайы тапсырыспен жасалған мына бір сырнайды сыйға тартқан еді. Арада 17 жылдан кейін Клараның сол сырнаймен айтқан әнін тыңдап, ағамыз бір марқайып қалды. Асыл ағаларымыз аман болсын!" - деп тебіренді Медет Салықов.