Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

14 жылға сотталған Мұхтар Жәкішев жазасын толық өтеп бітті

Қазақстан соты 14 жылға бас бостандығынан айырған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің жазасын өтеу мерзімі аяқталды.

14 жылға сотталған Мұхтар Жәкішев жазасын толық өтеп бітті
Фото: әлеуметтік желіден

«Қазатомпром» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кенорындарындағы мемлекеттің үлесін сатып жіберді деп айыпталды. 2010 жылы сот шешімі оған ақша жымқырды және пара алды деген кінә тағып, 14 жылға сотталды.

2020 жылы 19 наурызда Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колонияда жазасын өткеп жатқан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мерзімінен бұрын босап шықты.

Мұхтар Жәкішевті қамауда ұстау мерзімі 2009 жылы 21 мамырда қамауға алынған күнінен басталды. 2023 жылдың 21 мамырында оның қамауға алынғанына тура 14 жыл болды. Ол өзіне тағылған айыптармен келіскен жоқ.