Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Автокөлік тарихын қалай онлайн тексеруге болады

«Автокөлік тарихы» сервисі іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар екі миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Автокөлік тарихын қалай онлайн тексеруге болады
Фото: Azattyq Ruhy

ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. Бұған немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені ол көптеген проблемалардан сақтайды, сондай-ақ автокөліктің болашақ иесіне қосымша ақпарат береді.

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан «автокөлік тарихы» қызметі азаматтарға автокөлік сатып алғанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

  • автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін;
  • бұрынғы иелерінің санын;
  • кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады.

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис «102» және «Halyk Bank», «Bereke Bank», «CenterCredit», «ForteBank» мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

ІІМ «автокөлік тарихына» «бірыңғай сақтандыру деректер базасын» қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.