Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев жансақтау бөліміне түсті

Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаев жансақтау бөліміне түсті, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz  басылымына сілтеме жасап.

Талдықорған әкімі Әсет Масабаев жансақтау бөліміне түсті
фото: tengrinews.kz

Бұл туралы журналист, блогер Сандуғаш Дүйсенова Instagram-парақшасында хабарлаған болатын. Ақпараттың мән-жайын анықтау мақсатында Massaget.kz тілшісі Әсет Масабаевтың өкілі Мәди Шәкеновке хабарласты.

"Бұл рас ақпарат. Бірақ қазір әкімнің жағдайы тұрақты. Жағдайы дұрысталды. Қазір жалпы палатада жатыр. Жансақтау бөліміне жүйке жүйесіне байланысты ауруханаға 3-4 күн бұрын түскен. Жансақтау бөлімінде екі күндей жатты", - дейді Мәди Шәкенов.