Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Алматы облысында әйел түрмеден қашып кетті

Жауғашты колониясында жазасын өтеп жатқан әйел түрмеден қашып кетті, деп хабарлайды paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Алматы облысында әйел түрмеден қашып кетті
Sputnik.kz / Тимур Батыршин

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, оқиға 12 мамырда болған.

Сотталған әйел жедел іздестіру іс-шаралары барысында мекеменің маңында ұсталды.

Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Алматы облысы Іле ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Болған фактінің мән-жайын анықтау үшін қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тергеу жүргізеді, - деп хабарлады департамент.

Тексеріс нәтижесі бойынша лауазымды адамдар қолданыстағы заңнама шеңберінде тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, Қазақстанда сотталған 1 747 әйел жазасын түрмеде өтеп жатыр. Ел бойынша сотталған әйелдер жазасын өтейтін 6 мекеме бар.