Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда қанша зейнеткер бар

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 98,9 млрд теңге зейнетақы төлеуге бөлінді, оның ішінде базалық зейнетақы – 337,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 761,5 млрд теңге, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда қанша зейнеткер бар
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 297 мың адам. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге.

«2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 80 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 100% белгіленеді», - деп түсіндірді ведомстводан.