Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жигули Дайрабаев ұлдарына тағылған тағы бір айыптауға жауап берді

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев ұлдарына тағылған тағы бір айыптауға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін БАҚ-та депутаттың балалары еңбек құлдығында адам ұстағаны туралы ақпарат пайда болған еді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жигули Дайрабаев ұлдарына тағылған тағы бір айыптауға жауап берді
Фото: parlam.kz

Мәжіліс кулуарында Дайрабаев бұл айыптарды жалған деп атады.

"Бізде адвокат бар, ол мұның бәрімен айналысады. Маған дайындалуға мүмкіндік беріңіздер", - деп сұрады депутат журналистерден.

Дайрабаев бұл айыптау туралы айтқан адамды танымайтынын жеткізді.

"Мені көп адам таниды. Мүмкін көрген шығар. 20 миллион адам көреді. Ал мен бұл адамды танымаймын. Бұл мәселемен заңгерлер арнайы айналысады. Олардың жауабын күтеміз, сосын жауап беремін", - деді депутат.

Еске салайық, бірқатар қазақстандық БАҚ-та Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны Василий Ковешников туралы ақпарат тараған болатын. Ол өзін сәуір айында сотталған Жигули Дайрабаевтың кәсіпкер ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық еңбек құлдығында ұстағанын айтты. Ковешников оны үйде күштеп ұстап, ұрып-соғып, еңбекақысын да төлемеген.

Бұған дейін Жигули Дайрабаев жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтық туралы мәлімдемелерге жауап берген болатын. Facebook-парақшасында депутат жұмысының тығыздығына байланысты әлеуметтік желідегі өзі туралы тараған қауесеттерге ғана жауап бере алғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, бұған дейін Жамбыл облысында Кеңес ауылының тұрғындары ауылшаруашылық компаниясын жерлерді басып алды деп айыптаған болатын. Тұрғындардың айтуларынша, компания өз ауылындағы 10 мың гектар жерді алаяқтық жолмен иемденіп алған. Ауыл тұрғындарына қаражат үлестірілгенімен олар ешқандай пайда көрмеген.