Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті

Танымал айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының анасы өмірден өтті
фото: әлеуметтік желіден

Қайғылы хабарды ақынның жақындары әлеуметтік желіде хабарлады. 

"Жақында ғана қапияда, белгісіз жағдайда қаза тапқан жас өскін Әлихан Серікзатұлының әжесі Сәжида ана да "жарық жалғанға қош айтыпты" деген жаманат хабар келді. Жан дегендегі жалғыз ұлынан, аяулы анасынан айрылудың қандай екені айтпаса да түсінікті. Serikzat досым, қайғыны қара нар ғана көтереді деуші еді. Сен де нардың жүгін көтеріп жүрген азаматсың ғой. Бекем бол! Қайғыңа ортақпын!", - деп жазды Нұртай Лахан.