Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жеңіске 78 жыл: Алматы әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады

Жеңіс күні қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Жеңіске 78 жыл: Алматы әкімі соғыс ардагерлерін құттықтады
Фото: Алматы қ. әкімдігінен

16 жасында соғысқа аттанған Бисенғали Жұбаниязовтың үйіне барған Ерболат Досаев ардагердің өмір жолы ерліктің, өрліктің және әскери борышқа адалдықтың жарқын үлгісі екенін атап өтті.

«Сізді көргеніме өте қуаныштымын! Былтыр Жеңіс күнін тойлау кезінде айтқан сөзіңіз, ақылыңыз, жылы тілегіңіз әлі есімде. Тағы бір жыл өтті, сізді осы мерейлі мерекеде деніңіз сау, тату-тәтті отбасының арасында жақсы көңіл-күйде отырғаныңызды көру – үлкен бақыт. Меніңше, балаларыңыз бен немерелеріңіз бақытты жандар. Өйткені, болашағымыз үшін талай игі іс тындырған ақсақал, әулет басшысынан бата алып отыр. Екі жылдан соң сіздің мерейтойыңыз болады, яғни сіздің 100 жылдығыңызда тағы кездесіп, тойлауды жазсын», - деді қала әкімі.

Алматы басшысы, сондай-ақ Владимир Белозеров пен жұбайы Тамара Ивановнаны мерекемен құттықтады. Ардагерлер азайып бара жатқан жылдар жылып бара жатқаны жасырын емес. Қала әкімі ардагерлерге ерекше ілтипатын білдірді.

«Біз сіздің алдыңызда қарыздармыз, қонақжайлық, жылы қарым-қатынас, энергияңыз және өмірге деген сүйіспеншілігіңіз үшін алғыс айтамын. Мұның бәрі махаббаттан басталады. Жұбайыңыз екеуіңіз бізге үлгісіздер. Мен сіздің өміріңізде бәрі жақсы болғанын қалаймын. Қолдарыңыз ажырамасын, бақытты болыңыз. Біз өз кезегінде қаламыздың гүлденуі үшін бар күшімізді саламыз», - деді қала әкімі.

Соғыс ардагері Зұлхарнай Сейітов майдан және бейбіт өмірден алған естеліктерін Ерболат Досаевпен қуана бөлісті. Өз кезегінде әкім Зұлхарнай Сейітовті келе жатқан ұлы мерекемен құттықтады.

«Адамзат тарихындағы ең қиын да, қатыгез соғыста сіздер, әкелеріміз бен аталарымыз нағыз батырлық көрсетіп, Ұлы Жеңіске үлес қостыңыздар. Сіз бүкіл ғасырдың куәгерісіз. Біз сіздерге ашық аспан мен бейбіт өмір үшін алғыс айтамыз. Бұл ең алдымен, сіздердің еңбектеріңіз. Біз үшін 9 мамыр – Ұлы мереке. Жас ұрпақ сіздің ерлігіңізді ұмытпайды», - деді Ерболат Досаев ардагермен және оның отбасы мүшелерімен әңгіме барысында.

Айта кетейік, Жеңіс күні қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады. Қала басшысы ардагер Бисенғали Жұбаниязовтың, Владимир Белозеров пен жұбайы Тамара Ивановнаның, Зұлхарнай Сейітовтың отбасына барып, ардагерлермен емін-еркін әңгімелесіп, естеліктерімен бөлісті.