Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Алматыда Жеңіс күніне орай велошеру өтті

Алматы қаласының велосипед қауымдастығы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай велошеру өткізді, - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда Жеңіс күніне орай велошеру өтті
Фото: zakon.kz

Аталған іс-шараға кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Жылда өтетін шеру биыл 9-рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар 60 километр қашықтықты еңсерді. Әл-Фараби даңғылынан басталған шеру 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта аяқталды.

«Жексенбі сайын өтетін жарыстарға қатысып тұрам. «Денсаулыққа пайдалы» деп спортпен айналысып жүрмін», - деді қатысушы Темір Орақбаев.

Тағы бір қатысушы Мирас Күмісбек Алматыда өтетін спорттық шаралардың бәріне, атап айтқанда, жүгіруден марафон, велошеру сияқты шараларға үзбей қатысады. Айтуынша, спорт денсаулық кепілі ғана емес, о тбасының берекесі, қаланың көркі де бола алады.

«Отбасының берекесі дегенім, мен осындай сопрттық шараларға қатысарда алдын ала дайындаламын. Жарым, бала-шағам қоса дайындалады. Маған спорттық киімдер таңдасады, қажетті тағамдарды жеп, қажетсізден бірге бас тартады. Мұны өзі отбасының бірлігін көрсетсе керек-ті. Ал денсаулыққа қатысты мәселе өз алдына. Шынықсаң, шымыр боласың. Мен өзім ғана емес, қазір ақырындап балаларымды да жаттықтырып жүрмін. Балаларымыз бізге қарап өседі ғой. Айтқанымызды емес, істегенімізді көрсетіп үйретуіміз керек. Сондықтан бүгінгі велошеру біздің отбасымыз үшін өте маңызды», - деді алматылық тұрғын Мирас Күмісбек.

Айта кетейік, Алматыда бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалған.

Ал велосипед нағыз демократиялық спорт түрлерінің бірі. Атақты ғалым Альберт Эйнштейннің: «Велосипед өмір секілді: тепе-теңдікті сақтағың келсе, үнемі қозғалыста болуың керек», -  деген сөзі бар. Ол өзі де велосипеед тепкенді жақсы көрген. Әлемде машиналардың саны 400 миллионнан асса, велосипедтердің саны олардан үш есе көп.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының велосипед қауымдастығы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай велошеру өткізді. Аталған іс-шараға кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. Жылда өтетін шеру биыл 9-рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар 60 километр қашықтықты еңсерді.