Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Құм мен тас»: Қарағанды облысында жаңа төселген асфальт үгітіліп жатыр

Қарағанды қаласының маңындағы Ақтас ауылында жергілікті тұрғындар жаңа төселген асфальттың сапасына шүйлікті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Құм мен тас»: Қарағанды облысында жаңа төселген асфальт үгітіліп жатыр
Фото: видеодан скриншот

Төселмей жатып үгітілгелі тұрған асфальттың видеосын куәгерлер қарағандылық блогер Денис Денскиге жіберген.

“Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті. Саратов көшесіндегі сапасыз төселген асфальт. Мердігерлерді ешкім бақыламай ма? Асфальтты бұлай төсеуге бола ма? - деп жазады блогер.

Видеода ер адам кішкентай күректің көмегімен асфальтты ешқандай күш салмай-ақ жұлып алады да, материалдың мастикасыз құйылғанын көрсетеді.

Автордың сөзінше, жол төсемінің қалыңдығы екі сантиметрге де жетпейді. Сондай-ақ, кадрлардан полиция формасындағы адамдарға мердігерлердің сапасыз жұмысы көрсетіліп жатқанын байқауға болады.

Видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды. “Бұл асфальт емес, алғашқы жаңбырдан кейін үгітілетін битуммен толтырылған құм мен тас!”, “Халықтық бақылау ұйымдастырылып, нысандарды қабылдап алуға белсенді және адал азаматтар тартылсын” деп жазған видеоға қатысты пікір білдірушілер.

Ал Ақтас әкімдігінде барлық ескертулер жойылатынына сендірді.

“Осы учаскеде абаттандырумен "ТехстройКараганда" ЖШС мердігерлік ұйымы айналысады, техникалық қадағалауды "Батыс Сапа Инжиниринг" ЖШС жүргізеді. Жұмыс әлі аяқталған жоқ, төлем жасалған жоқ. Барлық ескертулер жойылады, - деп жауап берді әкімдіктегілер.