Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Антикор қамауға алынған Абылай Мырзахметовке қатысты істің мән-жайын жариялады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 10 мамырда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті ұстады.

Антикор қамауға алынған Абылай Мырзахметовке қатысты істің мән-жайын жариялады
коллаж: Halyq Uni

Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінген, - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Оның басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды.