«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке параны кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.
«Абылай Мырхахметовтің ісінде пара беруі мүмкін адам– Талғат Боранбаев, 8 жылға сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың кіші інісі», - деп хабарлады белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында.
Айта кетейік, кеше кешке «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін ұсталғаны хабарланды. Антикор ақпаратты растады.