Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматы облысында марафон қатысушысы мәреге 15 метр қалғанда көз жұмды

Алматы облысында өткен «Tengri Ultra 2023» марафонының қатысушысы іс-шара барысында кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысында марафон қатысушысы мәреге 15 метр қалғанда көз жұмды
Фото: видеодан скриншот

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға 9 мамырда Іле өзені аңғарында болған.

Желі қолданушылары ер адамның спортқа жаңадан келмегенін және үнемі ұзақ қашықтыққа жүгіргенін жазып жатыр. Мәреге бір-екі метр қалғанда ол кенеттен өзін нашар сезініп, құлап қалған. Спортшыны құтқарып қалу мүмкін болмады.

Алматы облысының әкімдігі марафоншының өліміне қатысты пікір білдірді.

«Tengri Ultra 2023» марафонында 1982 жылы туған ер адам 15 шақырымдық қашықтықты бағындырған соң мәре сызығына бірнеше метр қалғанда құлап қалды. Кезекші жедел жәрдем бригадасы бірден тиісті шаралар қабылдады. Бірақ өкінішке орай, ер адам қайтыс болып кетті.

Желіде тараған «жедел жәрдем 10 минуттан кейін келді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Спорттық шара кезінде жедел жәрдем көлігі тәулік бойы кезекшілік жасап жүрді», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.