Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Шындыққа сәйкеспейді»: полиция үш баласын өлтірген күдікті туралы дерекке пікір білдірді

Ақтауда үш баласын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінген ер адамға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Шындыққа сәйкеспейді»: полиция үш баласын өлтірген күдікті туралы дерекке пікір білдірді
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің «Жусан» арнайы операциясы кезінде Сириядан қайтарылғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкеспейді. 

«Наурызда Ақтау қаласында балаларын өлтірген деп күдіктелген тұрғынға қатысты берген учаскелік полиция инспекторының мәлімдемесі тексерілді. Полицей күдіктінің қазақстандықтарды Сириядан қайтару жөніндегі «Жусан» бағдарламасының қатысушысы болғанын және есепте тұрғанын айтқан еді.

Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Сондықтан қызметкермен алдағы уақытта мұндай жағдайға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», - делінген хабарламада.