Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте дәрігер ауруханаға жедел жәрдеммен жеткен науқасты зорламақ болған

Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлерінің бірі науқасты зорламақ болды деген күдікке ілінді. Бұл ткралы «Время» басылымы хабарлады.

Шымкентте дәрігер ауруханаға жедел жәрдеммен жеткен науқасты зорламақ болған
Фото: Halyq Uni

Аурухананың жедел жәрдем бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, сол түні кезекшілікте науқасты жедел жәрдем алып келген. Ол ішінің ауырып жатқанын айтып, шағымданған. Дәрігерлердің бірі оны тексеру үшін тыныштық бөлмесіне алып барған.

Ол жерде нақты не болғанын тергеу мен қылмыстық іс аясында тағайындалған сот-медициналық сараптамасының қорытындысы көрсетеді. Алайда мұндай «тексеруден» кейін қыз айғайлап, кабинеттен қашып шыққан.

Аталған дерек Тұран аудандық полиция бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 120-бабының 1-бөлігі («Зорлауға оқталу») бойынша тіркелді.

Іс бойынша тиісті сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.