Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Бердібек Сапарбаев жаңа атаққа ие болды

2015-2019 жылдары Ақтөбе облысының әкімі болған Бердібек Сапарбаев енді осы өңірдің «Құрметті азаматы» атанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Бердібек Сапарбаев жаңа атаққа ие болды
Фото: Azattyq Ruhy

Бүгін өткен Ақтөбе облысы мәслихатының кезекті сессиясында депутаттар осындай шешім қабылдаған.

«Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Серікбай Рзабаевқа, медицина профессоры Нағашыбай Ақатаевқа және облыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовқа «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітті», - деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің ресми сайты.

Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев Қазақстандағы бірнеше облыстың әкімі және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған.