Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Мамыр мерекелерінде қазақстандықтар қалай демалады

Алдағы дүйсенбіде Қазақстанда Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтіледі. Осыған байланысты қазақстандықтар бір күн демалады, деп хабарлайды "Электрондық үкіметтің" ресми сайты.

Мамыр мерекелерінде қазақстандықтар қалай демалады
Фото: pixabay

Ресми мерекелік күнтізбеге сәйкес, республика тұрғындары үш күн – сенбі, 29 сәуірден 1 мамыр, дүйсенбіге дейін демалады. Бұл ретте тек дүйсенбі, 1 мамыр ғана мерекелік демалыс, ал сенбі және жексенбі күндері әдеттегідей демалыс күндері болып табылады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 29 сәуір жұмыс күні болмақ.

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтіп тұр. Осы мерекелердің құрметіне елімізде 4 күн қатарынан – 6 мамыр сенбіден 9 мамырға дейін демалыс. Бірінші жұмыс күні – сәрсенбі, 10 мамыр.