Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

1 шілдеден бастап Қазақстанда наградталған көпбалалы аналардың кейбір санаттарына берілетін жәрдемақы өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кімдердің жәрдемақысына ақша қосылатынын хабарлады.

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі
фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ведомствоның хабарлауынша, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап республикалық бюджеттен "Алтын алқа" алған, "Батыр ана" атағы бар, яғни 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін өспек.

Қазіргі уақытта 1 АЕК 3 450 теңгеге тең, тиісінше жәрдемақы 25 530 теңгеге дейін көтеріледі. Көбейту автоматты түрде жүзеге асады, яғни аналардан растайтын құжаттар талап етілмейді – жүйе оларды өзі таниды.

Айта кету керек, бұл сома көпбалалы отбасыларға берілетін негізгі жәрдемақыға қосымша болып табылады және анасына барлық баласы кәмелетке толған соң да төленеді. Тиісті норма Әлеуметтік кодексте көзделген. Бұл өзгеріс 90 мыңға жуық марапатталған аналарды қамтымақшы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген және мемлекет басшысы қол қойған Әлеуметтік кодекс 9 заңды шоғырландыратыны айтылған. Ол әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамытудың құқықтық негіздерін нығайтуға, азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуге бағытталған

. "Құжаттың новеллаларының бірі – "Наградталған ана" деген жаңа ұғымды енгізу болатын. Бұл мәртебе "Күміс алқа", "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған әйелдерге берілетін болады", – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, ведомствоның ақпаратынша, бүгінде 6, 7 және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алып жүр.