Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Алтынбек Сәрсенбайұлын атып өлтірген киллер «Қара бүркітте» неше рет тәртіп бұзған

2006 жылы Алтынбек Сәрсенбайұлы пен оның екі көмекшісін өлтіргені үшін Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді. Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілгендіктен, сол кезде жаза өмір бойына соттауға ауыстырылды.

Алтынбек Сәрсенбайұлын атып өлтірген киллер «Қара бүркітте» неше рет тәртіп бұзған
коллаж: Halyq Uni

Қазір сотталған Рустам Ибрагимов жазасын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» мекемесінде өтеп жатыр.

Түрме әкімшілігі Halyq Uni тілшісіне сотталған Ибрагимовтың тәртібіне қатысты ақпарат берді. Рустам Ибрагимов қазірге дейін екі рет тәртіп бұзған. Соңғы рет 2021 жылы тәртіп бұзғаны белгілі. Қазірге дейін ол үшін белгіленген жазаны өтеген.

Сотталған Ибрагимов Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жазасын басқа сотталғандармен қатар жалпы негізде өтеп жатыр, - делінген түрме әкімшілігі жауабында.

АЛТЫНБЕК СӘРСЕНБАЕВТЫҢ ӨЛІМІ

Алтынбек Сәрсенбайұлы пен оның екі көмекшісі Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның мәйіті 2006 жылы13 ақпанда Алматы маңынан табылды.

Үш адамды өлтіру ісі бойынша 2006 жылдың тамызында он адам сотталды. Ержан Өтембаев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейіннен жаза мерзімі 13 жылға қысқарды.

Рустам Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбайұлы пен оның көмекшілерін өлтірді деген айыппен ату жазасына кесілді. Мораторийға байланысты жаза өмір бойына соттауға ауыстырылды.

Іс бойынша басқа адамдар – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» арнайы бөлімшесінің офицерлері. Олар әртүрлі мезгілге сотталды.