Астана сотында прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Гүлмира Сатыбалдыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тануыңызды сұраймын. 389-баптың 4-бөлігі бойынша мүлкі тәркіленбестен 6 жыл, 28-баптың 3-бөлігі бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Жеңілдетілген жазаны неғұрлым қатаң жазаға қосып, Сатыбалдыға мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді прокурор Азамат Сәрсембаев.
Бұған дейін өз кінәсін толық мойындамаған Гүлмира Сатыбалды соңғы отырыста тағылған айыппен жартылай келіскен.