Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елімізге заңсыз жолмен әкелінген телефондар бұғатталатын болды

Қазақстанға сатуға әкелінетін телефондардың бір бөлігі «сұр» импортпен жеткізіледі және көбінесе IMEI-коды қайталанады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин аталған мәселемен күресу жолдарын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Елімізге заңсыз жолмен әкелінген телефондар бұғатталатын болды
Фото: pixabay.com

Сәйкестендіру кодтарының деректер базасы мәліметінше, қазіргі кезде елдің ұялы байланыс компаниялары желісінде IMEI коды қайталанатын 3,7 миллионға жуық абоненттік құрылғы жұмыс істейді.

Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздестіру және бұғаттау бойынша жедел жұмыстарды тиімді жүргізуге мүмкіндік бермей отыр.

«Осыған байланысты Цифрлық даму министрлігі «сәйкестендіру кодтарының дерекқорын» кеден қызметтері жүйесімен және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдану арқылы интеграциялауды жоспарлап отыр»,  - деді Бағдат Мусин.

Бұл механизм:

заңсыз әкелінген құрылғыларды 100% бұғаттауға;
кедендік және салықтық төлемдерден түсетін мемлекет кірістерін ұлғайтуға;
клондалған және жалған құрылғыларды 99%-ға азайтуға;
мобильді құрылғыларды ұрлау, жеке басын куәландыру сияқты алаяқтықпен байланысты қылмыстарды азайтуға;
реттелетін және бақыланатын электроника нарығы арқылы халықаралық инвестицияларды ұлғайтуға, сондай-ақ әділ бәсекеге қабілетті бизнес үшін жағдай жасауға мүмкіндік бермек.

Еске салайық, ведомство Ішкі істер министрлігімен және «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК-мен бірлесіп, тізілімде ұрланған абоненттік құрылғылардың IMEI-кодтарын тексеруге арналған цифрлық қызмет құрған болатын (https://imei.rfs.gov. kz).

«Осыған байланысты, пайдаланылған ұялы телефондарды сатып алғанда тізілімде ұрланған абоненттік құрылғылардың бар-жоғын тексеруді ұсынамы», - деп хабарлады министрлік.