Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізу жоспарланған жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазақстанда 2023 жылы әскери шеру өткізу бюджет қаражатын үнемдеу, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланған жоқ", - делінген хабарламада.
Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру басым бағыт саналатыны айтылды.
Сонымен қатар, қорғаныс ведомствосы жоспарланған әскери-патриоттық іс-шаралар өтетіні туралы мәлімделді.
Еске салайық, кейінгі үш жылдан бері Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери шеру өткізілмеді.