Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысы өседі

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің жалақысы өсуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында жазылған, деп хабарлайды paryz.kz.

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысы өседі
Фото: stan.kz

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту педагогтерінің лауазымды айлық мөлшері мына түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады:

- 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1,3 мөлшерде», - делінген құжатта.

Қауылы жобасына қосымша берілген түсіндірмеде жазылғандай, педагогтердің жалақысын көтеру - аталған саланы таңдайтын жастар қатырының көбеюіне және мұғалімінің беделін арттыруға ықпал етпек.

«Жобаның мақсаты - педагогтің өмір сүру жағдайларын жақсарту және оның әлеуметтік мәртебесін арттыру, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мұғалімінің беделі. Нәтижесінде педагог мамандығы педагогикалық қызметтер нарығында сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналады», - деп түсіндірме берілген Үкімет қаулысына.

Құжат 5 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.