Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Түркістан облысында қайғылы жағдай болды

Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты. Осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz айтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында қайғылы жағдай болды
Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан-Кентау тасжолында Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-ші «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады»,-делінген хабарламада.