Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

«Біз болмасақ, кім?»: Әншілер «Almaty Clean & Green» акциясына шақырады

Алматыда экобелсенділердің бастамасымен өтіп жатқан Almaty Clean & Green атты жалпықалалық сенбілікте отандық эстрада әншілері де төбе көрсетті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Біз болмасақ, кім?»: Әншілер «Almaty Clean & Green» акциясына шақырады
фото: Алматы қаласының әкімдігінен

Акция әкімдік тарапынан қолдау тапты. Микрофонды бір сәтке кетпен-күрекке айырбастаған жұлдыздар Баум тоғайынан бейнеүндеу жолдады.

«Алматы – біздің сүйікті қаламыз. Осында өстік, осында оқыдық. Бүгін ару шаһарымызда сенбілік өтіп жатыр. Ағаш отырғызып, қаланы өзіміз көркейтпесек, кім көркейтеді? Жасыл желек өсіруміз керек және ең бастысы, ұрпағымыз осыған үйренсін. Табиғатты аялайық!», - деді бір топ әнші үндеуде.