Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Тамара Дүйсенова АӘК-ті алып тастауға қатысты пікір білдірді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова журналистердің сұрағына жауап бере отырып, атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Тамара Дүйсенова АӘК-ті алып тастауға қатысты пікір білдірді
Фото: primeminister.kz

Дүйсенова жәрдемақының аталған түрін тоқтатуға болмайтынын айтты.

«Атаулы әлеуметтік көмекті тоқтатуға болмайды. Бізде (көмек) алып отырған отбасылар бар. Олардың қатарында жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар да бар. Сондықтан оларға атаулы әлеуметтік көмекті беру керек. Алайда АӘК-тің механизмін жетілдіру бойынша депутаттармен бірге жұмыс істейміз», - деді Тамара Дүйсенова.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда Қазақстан халық партиясының Мәжілістегі депутаттары атаулы әлеуметтік көмекті алып тастауды, оның орнына ай сайын әр балаға 70 мың теңге жәрдемақы төлеп тұруды ұсынған болатын.