Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Маңғыстаудағы жастардың көбіне мұнайшы болғысы келетіні дұрыс емес – Президент

«Маңғыстауда, жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл – дұрыс емес». Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың баяндамасын тыңдаған Мемлекет басшысы осындай пікірін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Маңғыстаудағы жастардың көбіне мұнайшы болғысы келетіні дұрыс емес – Президент
Фото: visitmangystau.kz

«Жаңаөзен – мұнай-газ саласына ғана қарап отырған моноқала. Сол себепті, біз оны дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылдадық. Осы құжатты мейлінше жүзеге асыру керек. Үкімет те бұл жұмысқа жауапты болады. Батыста, әсіресе Маңғыстауда, жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл – дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетуі мүмкін. Сондықтан жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арнайы жоспар бойынша атқару қажет», - деді Тоқаев.

Тоқаев бұл ретте қазір сұранысқа ие саланың бірі ретінде ақпараттық технологиялар саласын мысалға алды.

«Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл – үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болуы керек», - деді Тоқаев.