Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алаяқтар мыңдаған адамның 4 млрд теңгесін алып, қашып кеткен

Салымшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да хат жазып, мәселенің мән-жайын анықтауды сұрады.

Алаяқтар мыңдаған адамның 4 млрд теңгесін алып, қашып кеткен
фото: ашық дереккөз

"QI-Trade Kazakhstan" инвестициялық компаниясының салымшылары алаяқтарға алданғанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz

Sputnik.kz-тің хабарлауынша, олар ақшасын айына 3-8 проценттік өсіммен салған. Ал компанияның бас директоры 4 миллиард теңгемен қашып кетті деген болжам бар.

"Біз 4 мың адамның атынан осы компания туралы бар шындықты айтқымыз келіп отыр. Олар Amazon алаңында тауарларды алып-сатумен айналысамыз және саналуан жобаларға қаржы құямыз деп, қылмыстық әрекетпен айналысқан. QI-Trade компаниясы Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын адамдардан салымның сомасына қарай айына 3-8 проценттік өсіммен ақша таратқан. Бірақ бәрімізді алдап кетті", - дейді салымшылар.

Олардың сөзіне қарағанда, компания басшылығы салымшылардың ақшасын (шамамен 4 миллиард теңге) алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал директорлардың бірі бірнеше видеоүндеу жіберіп, шетелде жүргенін айтты. Бірақ оның шекараны ресми түрде кесіп өткені расталған жоқ.

Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу шараларын бастап кетті. Департамент басшылығы осы мәселені жеке бақылауына алып отыр.

"Олар ұжымдық арыз жазды. 99 адам қол қойған шағым Медеу аудандық полициясына 14 желтоқсанда түскен. Соның негізінде Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Зардап шеккен адамдардың айтуынша, ЖШС басшысы салымдарды көбейтемін деп ақша жинаған. Әрбір салымшымен жеке-дара келісімшарт та жасалыпты", - деді құқық қорғаушылар. 

Қылмыстық заңнама бойынша ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталған адамдардың мүлкі тәркіленеді. Салымшылар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа да хат жазып, мәселенің мән-жайын анықтауды сұрады.