Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Депутат сарбаз өлімі үшін әскери бөлім бастықтарын жазаға тартуды ұсынды

Сенат депутаты Геннадий Шиповских бейбіт уақытта әскердегі әскери қызметкерлердің өлімін азайтуға қатысты нақты шаралар қабылдауды, оның ішінде әскери бөлімдердің басшылығын жазаға тартуды ұсынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Депутат сарбаз өлімі үшін әскери бөлім бастықтарын жазаға тартуды ұсынды
фото: inform.kz

Сенатор Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиевке қойған сауалында әскери қызметкерлердің өлімі кейбір жастардың бойында үрей туғызып, әкердегі борышын өтеуден жалтаруға себеп болып жататынын атап өтті.

«Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ұсыныс айтқым келеді. Егер аймақта сарбаз қайтыс болған немесе мүгедек болып қалған оқиғалар тіркелсе, менің жеке пікірімше, ол бөлімшелердің бірінші басшылары жауапқа, тіпті сотқа тартылуы тиіс. Сонда ғана бізде тәртіп орнайды», - деді депутат.

Алайда Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары «әскерде өзіне қол жұмсау деректері жиі болады» деген қоғамдық пікірдің ресми деректермен растала бермейтінін айтты.

«Әлбетте, суицид оқиғалары бәрімізді алаңдатады. Суицидтің алдын алу бойынша жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, біздің әскерлер мен қоғам теріс тәуекелдерге жиі ұшырайды. Халық арасындағы өзіне қол жұмсау деңгейіне қатысты әртүрлі дерек бойынша Қазақстан әлемнің 20 елінің қатарына, ал жасөспірімдер арасында алғашқы үштікке кіреді. Құқықтық статистика комитетінің (және Бас прокуратураның арнайы есебі – AR) мәліметтері бойынша 2018-2022 жылдар аралығында елімізде 17 631 суицид және 21 332 суицид әрекеті тіркелген. Яғни, 10 000 азаматқа шаққанда 9 суицид және 11 өзіне қол жұмсау әрекеті бар. Оның ішінде 86 суицид және 20 қол жұмсау әрекеті армияда болған, яғни 10 мың әскери қызметкерге 6 суицид және бір қол жұмсауға ұмтылу әрекеті келеді. Сондықтан «Әскерде суицид жиі болады» деген қоғамдық пікірді ресми деректер растамайды», – дейді Мақсат Қазиев.

Тақырыпқа орай: Сарбаз өлімі бойынша сот үкімі шықты – екі тарап та айыпталушыны ақтауды сұрады

Өз кезегінде Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов қауіпсіздік шараларын бұзуға қатысты 10%, жеке абайсыздық 13% өлімге себеп болып жататынын айтты.

«Өкінішке қарай, соққы салдарынан болатын өлім де бар, ондай себеп 1%-ды құрайды», - деді ол.

Әскери прокуратура өкілдері келтірген статистикаға сүйенсек, 2020 жылдан бері 270 әскери қызметкер қайтыс болған. Атап айтқанда: 2020 жылы – 78, 2021 жылы – 96, 2022 жылы – 85 және 2023 жылы – 11 әскери қызметкер көз жұмған. Негізгі себептер: аурудан қайтыс болғандар – 36%, жол-көлік оқиғалары – 24% және суицид – 20%.