Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Еңбек министрлігі ең көп жалақы төленетін мамандықтарды атады

Наурызда электронды еңбек биржасында 73,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілер қай мамандарға жоғары жалақы төлеуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбек министрлігі ең көп жалақы төленетін мамандықтарды атады
фото: tengrinews.kz

Адам ресурстарын дамыту орталығы мамандарының айтуынша, наурызда жұмыс берушілер ең жоғары жалақыны желі инженерлеріне (орта есеппен 900 мың теңгеден бастап), өнеркәсіптік альпинистерге (шамамен 625 мың теңге), сондай-ақ бұрғылау инженерлеріне (шамамен 550 мың теңге) ұсынған.

Сонымен қатар, ең көп жалақыны телекоммуникациядағы жобалар жетекшісі (орта есеппен 1,6 миллион теңгеден бастап), бас комплаенс-бақылаушы (1,3 миллион теңге) лауазымына үміткер ізденушілер, сондай-ақ мұнайды есепке алу, резервуарлар және машиналарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженерлер (1 миллион теңге) сұраған.

Наурызда ең көп сұранысқа ие жұмыскерлердің арасында біліктілігі жоқтармен қатар жүргізушілер (1,6 мың), тәрбиешілер (1,5 мың) және күзетшілер (1,4 мың бос жұмыс орны) болды. Сондай-ақ, санитарлар (1,3 мың), медбике/мейіргер (1,2 мың) және бухгалтерлер (1,2 мың бос жұмыс орны) сияқты мамандарға қатысты жоғары сұраныс әлі де байқалады.

"Бұл ретте сұраныстың біліктілік құрылымында наурыз айында өзгерістер жоқ. Яғни біліктілігі төмен еңбекке жеткілікті төмен сұраныс болған кезде жоғары білікті мамандарға сұраныс тенденциясы сақталды. Бұл орналастырылған бос жұмыс орындарының тек 20 пайыздан кемі болып отыр. Орта білікті жұмысшыларға сұраныс жоғары болып қалуда – олар бос жұмыс орындарының 40 пайызын құрады", - деді мамандар.