Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот басталды

Астанада экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесі басталды, деп хабарлады Paryz.kz ақпарат агенттігі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі бойынша сот басталды
фото: stan.kz

Істі Байқоңыр ауданы сотының қылмыстық істер жөніндегі судьясы Бағлан Ыдырысов қарайды.

Сотқа Арыстанбек Мұхамедиұлы онлайн форматта қатысып отыр. Оған қаладағы қолайсыз ауа райы себеп болған.

Судьяның айтуынша, бұдан кейін Мұхамедиұлы сот залына жеткізіледі. Тараптар бұқаралық ақпарат құралы өкілдерінің сот процесінен ақпарат таратуына қарсылық білдірмеді.

БАҚ өкілдерінің сот процесіне қатысуына рұқсат беру туралы адвокаттардың пікірін толық қолдаймын, - деді Мұхамедиұлы. 

Осылайша судья сот процесінен ақпарат таратуға рұқсат берді. Іс бойынша 4 сотталушы бар: Арыстанбек Мұхамедиұлы, Азамат Көшенов, Алмаз Нұрасхан және Айым Садвакасова.

Айта кетейік, 2022 жылғы 28 мамырда сот санкциясымен Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынды. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілінді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылғы шілдеде музей директоры болды. Оған дейін 5 жыл Мәдениет және спорт министрлігін басқарған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын сомасы 7 млрд теңгені құрағанын хабарлаған.