Бес облыста ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Paryz.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 сәуірдегі ақпаратқа сәйкес, 5 облыста - Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, боран) жалпы ұзындығы 1529 шақырым республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 300 бірлік арнайы техника мен 350 маман жұмылдырылды.