Әлия Назарбаева мен оның жиені Қайрат Сатыбалды Алматы маңында 2 мың гектар жерінен айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz KazTAG агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы облысының прокуратурасы Өңірлік қадағалау органының Назарбаева мен Сатыбалды иелігіндегі жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтарғанын растады.
Аталған жалпы ауданы 2 мың га жер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан.