Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Әнші Айдар Тұрғанбек өзінің қыз ұзатып жүргенін ерсі санамайды

"Қазақта жігіттер қыз ұзатпаған. Қызды жеңгелері ұзатады. Бұл - дәстүрге қайшы", - деді Жан Ахмадиев.

Әнші Айдар Тұрғанбек өзінің қыз ұзатып жүргенін ерсі санамайды
фото: qazdauiri.kz

Атышулы рэпер Жан Ахмадиев қыз ұзатып жүрген өнер өкілдеріне ренішін айтты. Оларды намыссыз жігіттер санатына жатқызамын деген ойын жеткізді. Бұған Айдар Тұрғанбек жауап берді, деп хабарлады paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір әнші-жыршылар сахнадан гөрі тойда жиі көрінеді. Той-бизнесті табыс көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс етіп алғандар көп. Сұранысқа сай қыз ұзатып, ән жаздырып жүр. Бірі ән айтады, өнер көрсетеді, енді бірі қыз ұзатып, сыңсу айтады. Олардың қатарында Жазира Байырбекова, Қарақат Әбілдина, Мәдина Сәдуақасова, Алтынай Жорабаева және басқалар бар.

Әйел қауымы ғана емес, қыз ұзатып жүрген жігіттер де бар. Мәселен, "Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғанбек соңғы кезде осы істі қолға алған. Алғаш бұған сын айтып, қарсы шығушылар көп еді. Алайда Айдардың өзі бұдан еш әбестік көрмейді.

"Қыз ұзатып жүрген жігіттер намыссыздар ғой. Мен солай есептеймін. Қазақта жігіттер қыз ұзатпаған. Қызды жеңгелері ұзатады. Бұл - дәстүрге қайшы. Менің әйелімді жігіт ұзатып тұрса, маған ерсі көрінеді. Сондықтан мен бұндайға қарсымын", - деді Жан Ахмадиев, 31 арнаға берген сұхбатында.

Ал Айдар Тұрғанбектің өз айтары бар.

"Онда тұрған ешнәрсе жоқ. Мен қыздың қолынан ұстамаймын. Әнде балағат сөз жоқ. Ерсі деп санайтын ешнәрсе көріп тұрған жоқпын", - дейді ол.