Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Қазақстанда қонақүй, хостел және демалыс орындарының иелері табысқа кенелді

Қазақстандық қонақ үйлердің, демалыс базаларының, жатақханалардың және басқа да орналастыру орындарының табысы өсті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда қонақүй, хостел және демалыс орындарының иелері табысқа кенелді
Фото: tengritravel

Былтыр қазақстандық қонақүйлер, демалыс базалары, жатақханалар мен басқа да қонақтарды орналастыру орындары 183 миллиард теңгеге жуық табыс тапты.

"Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 67 пайызға көп. Қонақ орналастыру бойынша ең көп табыс Алматы қаласының кәсіпкерлеріне тиесілі. 2022 жылы олар 56,2 миллиард теңгеге жуық табыс тапқан. Елордалық орналастыру орындарының табысы 35,2 миллиард теңгеге жуықтайды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, көбінесе туристер Алматы, Шымкент, Астана қалаларында, сондай-ақ Алматы, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тоқтаған.