Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Парламент педофилдерге жазаны қатаңдатуға қатысты шешім шығарды

Жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға қысқартуға тыйым салынады. Мұндай жағдайларда кешірім жасау туралы актіні қолдануға болмайды.

Парламент педофилдерге жазаны қатаңдатуға қатысты шешім шығарды
фото: ашық дереккөз

Мәжілісмендер Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша заң жобасына сенаторлар енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Құжаттың жекелеген түзетулері педофилия үшін жазаны қатайтуға бағытталған. Яғни, педофилдерді қатаң жаза күтіп тұр деген сөз.

Депутат Снежанна Имашева атап өткендей, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті осы заң жобасына енгізген толықтыруларды қарап, "Сенат ұсынған толықтырулар заң жобасының тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді" деген қорытындыға келді.

Осыған байланысты, Мәжілістің бейінді комитеті сенаторлардың түзетулерімен келісуді ұсынды. Осылайша, заң жобасын тұтастай Қазақстан Парламенті қабылдап, Мемлекет басшысына қол қоюға жібереді.

Айта кетейік, құжат кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін жазаны күшейтеді. Мәселен, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық құқық бұзушылық үшін санкциямен көзделгеннен гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға тікелей тыйым салу көзделген.

Жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға қысқартуға тыйым салынады. Мұндай жағдайларда кешірім жасау туралы актіні қолдануға болмайды. Сонымен қатар, сот педофилдерді химиялық кастрациямен қатар, жыныстық зорлық-зомбылыққа және жыныстық сипаттағы құқық бұзылуларға қарсы емдеуді тағайындау құқығына ие болады.