Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді

Қазақстан мен Қытай Үкіметі екі бағытта да өз азаматтары үшін визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Мұндай қаулының жобасын Сыртқы істер министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим енгізеді
© elements.envato.com

Құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Қытайда, ал ҚХР азаматтары Қазақстанда визасыз бола алады, шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен және 180 күндік кезеңде 90 күннен аспайтын мерзімде бола алады.

Егер осы елдердің бірінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында көзделген мерзімнен ұзағырақ қалуға ниет білдірсе, онда олар мемлекет аумағына кіргенге дейін тиісті визаға жүгінуге тиіс.

Қазақстандықтар үшін жарамды жол жүру құжаттары:

  • ҚР азаматтының төлқұжаты;
  • ҚР аумағына қайту туралы куәлік.

Қытай азаматтары үшін:

  • ҚХР азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;
  • ҚХР азаматының төлқұжаты;
  • уақытша жол жүру құжаты.

"Келісімге қол қою Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді", - делінген қаулыда.

Құжат 19 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.

Айта кетейік, тараптар өзара визасыз режимді 2022 жылдың маусым айында талқылады. Кейін Қазақстан біржақты тәртіпте Қытай азаматтары үшін 14 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге визасыз режим ашты.