Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алаяқтар интернетте жалған жанармай карталарын сатып жатыр

Әлеуметтік желіде жанармай карталары сатылатыны жөнінде хабарландырулар тарап жатыр. Картаны белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін, жанармай құю станциясында ақша төлеудің қажеті жоқ делінеді. Ақпаратты Stopfake.kz тексеріп көрді.

Алаяқтар интернетте жалған жанармай карталарын сатып жатыр
фото: inform.kz

«Қолданыста жоқ жанармай карталары алғаш рет 2021 жылы Ресейде сатыла бастады. Алаяқтар карталарды арнайы әзірленген сайт арқылы сатқан, ал сенгіш көлік жүргізушілері ақшаны олардың шотына аударып отырған», - делінген сайтта.

Анықталғандай, Қазақстанда алаяқтық схемасы сәл басқаша.

«Автокөлік жүргізушілеріне Helios, Qazaq Oil және «Газпром» компанияларының жанармай карталары ұсынылады. Сатылым Telegram арқылы Қостанайда расымен де жұмыс істеп тұрған компания атынан жасалып жатыр. Алайда, ашық деректерге сүйенсек, аталған фирма өрт сөндіргіш құралдарды толтырумен айналысады және жанармай саудасына ешқандай қатысы жоқ. Сонымен қатар, 2Gis қызметінде жанармай карталарын алу үшін компанияның кеңсесіне хабарласып, ол жерден ешкімді таппаған адамдардың пікірлері жазылған.
Айта кетейік, Helios, Qazaq Oil және «Газпром» ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған.