Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қарағандыда полиция мен прокуратура ғимаратына "мина қойылған"

Тәртіп сақшылары мен барлық жедел қызметтер полиция мен прокуратура ғимаратына келіп, қызметкерлер мен азаматтарды эвакуациялады.

Қарағандыда полиция мен прокуратура ғимаратына "мина қойылған"
Фото: ekaraganda.kz

Қарағандыда жергілікті полиция мен прокуратура ғимаратына "мина қойған" ер адам ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 22 желтоқсан күні сағат 16:30 шамасында Қарағанды қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына Қарағанды полиция басқармасы мен Қазыбек би атындағы аудандық прокуратураның ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы телефон қоңырауы түскен.

Тәртіп сақшылары мен барлық жедел қызметтер полиция мен прокуратура ғимаратына келіп, қызметкерлер мен азаматтарды эвакуациялады. Бірақ жарылғыш құрылғы ешқандай мекен-жайдан табылған жоқ.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті - 46 жастағы қарағандылық. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.