Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Кінәсі дәлелденді: Тұрлыхановтың ұлының ісі бойынша жаңа дерек шықты

Тергеушілер белгілі қазақстандық балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың кінәсін дәлеледеді. 19 жастағы жігітті заңгерлер отбасы - Анна Димитриевич пен Олег Чернов өздерін соққыға жықты деп айыптаған болатын, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Кінәсі дәлелденді: Тұрлыхановтың ұлының ісі бойынша жаңа дерек шықты
Фото: видеодан скриншот

Оқиға 11 ақпан Алматыдағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында болған.

Мұхит Жауғашев, ҚР ІІМ Оңтүстік-өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы:

- Жеделтергеу амалдары бойынша күдікті ретінде Болат Н.Д. кінәсі толықтай дәлелденді. ҚК 107-бабы, 2-тармағымен жүргізілген тергеу аяқталды. Қазіргі кезде іспен танысу жүріп жатыр. Бәрі біткеннен кейін Алматы әскери сотына жібереміз. Қазір Болат Н.Д. әскери бөлім бақылауында.

Олег Чернов:

- Бізді ұрып жатқан видеоны кім және не үшін салғанын білмейміз. Сосын ол болған оқиғаның бір бөлігі ғана. Бізде одан да сорақы видеолар бар. Көздегеніміз ақша емес — әділдік. Бұл келеңсіз жайт барлығына сабақ болу керек. Тұрлыхановтың баласы жазасыз қалмау керек. Істі соңына дейін жеткіземіз.