Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Бүкіл халықтың мазасын алып жатыр»: Депуат Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ екенін айтты

Мәжілістің жалпы отырысында депуатат Ерлан Сайыров елдегі сепаратизм жайлы айтып, депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Paryz.kz.

«Бүкіл халықтың мазасын алып жатыр»: Депуат Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ екенін айтты
Фото: inbusiness.kz

«Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелері қоғам арасында резонанс туғызып, бүкіл халықтың мазасын алып жатыр. Бұл оқиға еліміздегі құқықтық сана және қоғамдық процестер саласындағы фундаменталды проблемалардың бар екендігін көрсетеді», - деді ол.

Депутат атағандай, азаматтар өздерінің іс-қадамдары үшін нақты заң алдында қатаң жауап беретіндігін сезініп, түсінуі тиіс.

«Құқықтық мемлекет дегеніміз заң және тәртіп. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, іс-әрекеттері мемлекеттің территориялық  тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру әрекеттеріне ауыр жаза қарастырылған. Бұл оқиға еліміздің ақпараттық-қоғамдық саласында да терең  проблемалардың да бар екендігін көрсетті. Азаматтардың мемлекеттік өзін-өзі сезіну мәселесімен ешбір мемлекеттік орган жүйелі айналысып отырған жоқ, мемлекеттің және шекаралық аймақтардағы ақпараттық қауіпсіздік проблемасы ушығып тұр», - деді депутат.

Оның айтуынша, Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне  әлеуметтік- экономика, саясат саласында өздерін көрсетуге, бейбіт, лайықты  өмір сүруге барлық жағдай жасалған.

«Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттің бірлігі мен еліміздің территориялық тұтастығы үшін аянбай еңбек етіп, күресуі керек. Бұл барлығымыздың перзенттік парызымыз. Қазақстанда сепаратизмге жол жоқ. Бұл еліміздің барша азаматтарының талап-тілегі», - деді ол.

Депутат бірқатар ұсынысын айтты:

  • Құзырлы органдар еліміздің мемлекеттің бұлжұмастығы мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге қабілетті жасырын, жасырын емес топтарға қатысты құқықтық тексеру жүргізіп, олардың тамырына балта шабу қажет.
  • Халық арасында құқықтық ағарту жүргізе отырып,  азаматтардың әр-бір сөзі мен қадамының құқықтық терең салдары жөнінде ескерту өте маңызды.
  • Жастар, ересектер арасында Қазақстандық патриотизм, мемлекеттік мүдде құндылықтарын уағыздайтын концептуалдық бағыт-бағдар жасау уақыт талабы.
  • Шекаралық аймақтарда Қазақстан мемлекетінің ақпараттық күш-қуатын арттыратын тетіктер жасау қажет.
  • Азаматтардың Қазақстандық мемлекеттік өзін-өзі сезіну мәдениетін қалыптастыру үшін нақты қадамдар дайындай кезек күттірмейді.